Фонд туралы : БОТА қорының қызметі
«БОТА» қорының миссиясы - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік жағдайына инвестиция жасау арқылы жақсарту.
Біздің басты ұстанымдарымыз Қазақстан Республикасындағы жағдайы нашар отбасылар мен жастарға көмек пен қолдау берудегі анықтық пен тиімділік деп білеміз.Қазіргі уақытта Қор 3 бағдарлама аясында жұмыс жасайды:
1) Келісілген Ақшалай Жәрдемақылар бағдарламасы (КАЖ) күн көрістің ең төменгі деңгейіндегі отбасыларға балаларының денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған. КАЖ бағдарламасының Қызылорда және Ақмола облыстарындағы пилоттық жобасы 2009 жылдың қараша айынан басталып, 2010 жылдың қараша айына дейін созылады. Болашақта КАЖ бағдарламасы қамтитын облыстардың көлемі ұлғаяды деп болжалануда. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың білім мен денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділіктерін кеңейту арқылы КАЖ бағдарламасы төменде көрсетілген мәселелерге жетуді жоспарлап отыр:
- Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы жүкті және бала емізіп жүрген аналардың қан құрамында темір дефициті деңгейін төмендету арқылы сәбилердің денсаулығын жақсартуға атсалысу;
- 4-6 жас аралығындағы балалардың академиялық әлеуетін көтеру үшін мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыру
- Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ата-аналарын балаларының физикалық, эмоционалды әрі танымдық дамуына қатыстыру арқылы үй жағдайында көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.
2) Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ) қызметі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастар мен балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған халықаралық және жергілікті КЕҰ-ға грант бөледі. 2010 жылы «БОТА» қоры Қазақстан бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін КЕҰ-ды қолдауға 3 млн. АҚШ долларына жуық қаражатты бөлуді көздеп отыр.
ӘҚҚБ-сы төмендегі грант санаттарын ұсынады: - Жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындауға арналған гранттар: әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында тұрақты даму үшін ресурстарды шоғырландыру мен жергілікті қауымдастықтарды тарту;
- Әлеуметтік қызметтерді қолдау гранттары: жаңашылдыққа шақыратын, әсер ету әлеуеті бар және тұрақты нәтижелерге алып келетін әлеуметтік қызметтерді көрсету;
- Ауқымды кеңейту/енгізу гранттары: жастар мен балаларға маңызды әлеуметтік қызметерді көрсету және осы үлгіні Қазақстанның бір немесе бірден бірнеше облыстарында тарату;
- Әлеуметтік қызмет көрсететін өзге КЕҰ-дың әлеуетін семинар, кеңес, тәлімгерлік түрінде және өзге де әдістер арқылы күшейту;
- Балалар мен жастардың әлеуметтік қорғау жүйесін жақсартуға арналған гранттар: Қазақстандағы жастар мен балаларды әлеуметтік қорғау бойынша аймақтық және жалпы республикалық жүйесінің сапасын көтеру.
Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасының гранттық байқауында төменде көрсетілген төрт бағытта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы жастар мен балаларды қолдауға бағытталған КЕҰ-дың сұранымдарын қарастырады. - 4-6 жас аралығындағы балалар (мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне қолжетімділігін кеңейту);
- 12-24 жас аралығындағы балалар мен жастар (даму мүмкіндіктерін ұсыну және қауіптердің алдын алу);
- 24 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларын қоса сапалы қызметтерге қолжетімділігін кеңейту. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар балалары бар отбасылардың сапалы қызметтерге қолжетімділігін кеңейту);
- 24 жасқа дейінгі өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жастар (тиімді үлгілер мен жұмыс әдістерін дамытуға ынталандыру).
ӘҚҚБ-сы жергілікті және халықаралық КЕҰ-дар үшін жарты жылда бір рет өткізілетін ашық байқау негізінде жүзеге асады. Қаржыландыру үшін сұранымдар тәуелсіз іріктеу комитетімен бағаланып, байқауға қатысуға арналған шақыруда нақты көрсетілген талаптар негізінде ӘҚҚБ-мен мақұлданады.
3) Білім Гранты бағдарламасының (БГБ) әлеуетті бағыты жоғары академиялық көрсеткішке ие, бірақ жоғары білім не кәсіби-техникалық орта білім алуға жеткілікті қаражаты жоқ жастарды қолдау болып табылады. Сонымен қатар, бағдарламаның басты мақсаты - жастарға кеңейтілген мүмкіндік беру арқылы олардың және отбасыларының экономикалық жағдайын көтеруге көмектесу.
Аталмыш бағдарламаға қабылдау жыл сайын (ақпаннан тамызға дейін) жүргізіледі. Өткізілетін гранттық байқауға іріктеу талаптарына жауап беретін барлық кандидаттар қатыса алады. Десек те артықшылық академиялық көрсеткіштері жоғары және кіріс, шығыс және отбасы құрамы индикаторлары негізінде қаржылық қолдауға қажеттілігі жоғары талапкерлерге әр жылдың тамыз айында беріледі.
2009 оқу жылына «БОТА» қоры тарапынан бағдарламаның қаржылық және академиялық критерилеріне толық жауап беретін 87 үміткерге грант берілді. Қор ЖОО және колледжде оқу ақысын толық жабумен қатар, тұрғын үй, жол және өзге де күнделікті шығындарын қамтитын шәкіртақы бөледі. Сонымен қатар, бір жыл ішінде әр грант алушыға академиялық әлеуетін көтеруге бағытталған бірнеше семинарлар қарастырылған.
Алдағы төрт жылда «БОТА» қоры 400-ге жуық оқу грантын бөлуді жоспарлап отыр.