Ана мен бала бағдарламасы (КАЖ) : Бағдарлама туралы
АНА МЕН БАЛА БАҒДАРЛАМАСЫ (КЕЛІСІЛГЕН АҚШАЛАЙ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ)
«БОТА» қорының Келісілген Ақшалай Жәрдемақылар бағдарламасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың өмірін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау қызметтерін алу үшін ақшалай ынталандыру арқылы жақсартуға бағытталған. Аталмыш бағдарлама әлемнің 20-ға жуық елінде енгізіліп, бүгінде әлеуметтік қамтамасыз ету саласында инновациялық механизм болып табылады.
«БОТА» қорының КАЖ бағдарламасы қызмет жасайтын пилоттық кезеңде (2009 жылдың қараша айынан 2010 жылдың қараша айына дейін) әлеуметтік жағдайы төмен 3 000-ға жуық отбасыға ерекше қажеттілігі бар балалаларын үй жағдайында күту, мектепке дейінгі білім беру орталықтарына бару және тамақтану жағдайын жақсарту үшін инвестиция жасау арқылы көмек көрсетуді көздеуде. Бағдарламаның пилоттық жобасы Ақмола және Қызылорда облыстарында жүзеге асып, болашақта жалғасын өзге облыстарда табады деп жоспарлануда.
Отбасылардың КАЖ бағдарламасына қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар болып медициналық, балаларының мектепке дейінгі білім беру орталықтарына баруы және оқыту мен топтық бағдарламаларды қолдауға қатысу болып табылады. Медициналық және білім беру бағдарламаларының қызметіне жүгіну әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың өз балаларының әл-ауқатының дамуына деген қызығушылық пен тікелей атсалысуды көрсетеді. КАЖ бағдарламасы жоғарыда аталған әрекеттер арқылы балаларының қолдауына қызығушылық танытқан ата-аналарды ай сайынғы жәрдемақылар арқылы қолдайды. Аталмыш жәрдемақылар балалардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әрекеттерге кететін шығындарды жабатын өтемақы не осы қызметтерді пайдалануға ынталандыру құралы болып табылуы мүмкін.
Дүниежүзілік банктің анықтамасына сай, «көмекке зәру адамдарға келісілген ақшалай жәрдемақылар арқылы қаражат бөлу бағдарлама мен алушы арасындағы «әлеуметтік келісім-шарт» арқылы жүзеге асады. Шарттың негізгі талаптары балалардың тұрақты түрде мектепке баруы немесе медициналық орталықтарда қаралуы сынды мәселелерді қамтиды. Қаржылық жағдайы төмен отбасылар үшін бұл жәрдемақы бір жағынан «шұғыл көмек» көзі болса, екінші жағынан бағдарламаның шарттылығы адам капиталының дамуына ұзақмерзімді инвестиция жасауға ынталандыру құралы ретінде пайдалануы мүмкін». Әлем бойынша жұмыс жасайтын КАЖ бағдарламасы көмекке зәру отбасыларды білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін пайдалануға ынталандыру мен қамту бойынша жағымды нәтижелер көрсетуде. Ал бұл өз кезегінде балаларының болашағына инвестиция жасау деңгейін арттырады.
КАЖ бағдарламасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды балаларының әлеуметтік жағдайына инвестиция жасауға ынталандырып қана қоймай, кедейлік шегінде өмір сүретін адамдардың экономикалық жағдайын көтеруге атсалысады.
Төменде көрсетілген мәселелер КАЖ бағдарламасы қызметінің әлеуетті бағыттары болып табылады: - Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы жүкті және бала емізіп жүрген аналардың қан құрамында темір дефициті деңгейін төмендету арқылы сәбилердің денсаулығын жақсартуға атсалысу;
- 4-6 жас аралығындағы балалардың академиялық әлеуетін көтеру үшін мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыру
- Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ата-аналарын балаларының физикалық, эмоционалды әрі танымдық дамуына қатыстыру арқылы үй жағдайында көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.
«БОТА» қорының мақсатты тобы болып әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындары басым және әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметтерін көрсету бойынша төмен индикаторлар (айқындағыш) көрсететін облыстар табылады. Бұл бағдарлама қызметтерін алушылар Қажеттілікті Жанама Бағалау негізінде анықталады. ҚЖБ-ды қолдану жыл сайын ҚР статистика агенттігі беретін республикалық статистикалық мәліметтерге сәйкес әр қатысушыға кедейлік шегін телумен анықталады. Ай сайын жәрдемақыны алып тұру үшін бағдарлама талаптарын орындау шарт (медициналық, білім беру орталықтарын, ерекше қажеттілігі бар балаларды үй жағдайында күтуге арналған тренингтерге қатысу). «БОТА» қорының КАЖ бағдарламасы департаменті тарапынан қаназдық жағдайындағы аналарды, дұрыс тамақтанбайтын балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларға үй жағдайында қызмет көрсетуге үйрететін қолдау топтарына қатысу мен мектепке дейінгі дамыту орталықтарына баруы үшін артықшылықтар мен қолжетімділіктерді дамыту мақсатында ақпараттандыру және мониторинг жасау бойынша арнайы жүйе дайындалды.
«БОТА» қоры әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан барлық қазақстандық балаларға лайықты көмек көрсету үшін қосымша ресурстар іздеу жолында болса, КАЖ бағдарламасы ресурстарды тым кедей, әсіресе, табыс деңгейі азық-түлік қоржынан төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастарды мақсатты түрде қолдау үшін жұмсайды. «БОТА» қоры қауымдастықтардың, волонтерлер мен жергілікті әкімшіліктің қолдауы арқасында бағдарлама қаражаты мақсаттық қауымдастық мүшелерін қолдауға жұмсалатынын қадағалауға мүмкіндік беретін толыққанды мониторинг және тіркеу жүйесін ұсынады. Қор жұмыс жасайтын бағдарламаларды көшірмейді және қызметтің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.