Ана мен бала бағдарламасы (КАЖ)  :  Жиі қойылатын сұрақтар
ТӨМЕНДЕ КЕЛІСІЛГЕН АҚШАЛАЙ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ НЕМЕСЕ СҰРАҚ-ЖАУАПТАР БЕРІЛЕДІ
1. Қазақстанның әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындары мен кедейшілік мәселелеріне қатысты көзқарас қандай?
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау үшін қоғам қайырымдылықпен айналысып, белгілі бір көмек көрсетуі қажет пе? Шындығына келгенде, кембағал жандарды ешкім қоғамның маңызды әрі өнімді бөлшегі ретінде қарастырмайды.

2. Кембағал жандар не үшін Қазақсатанның маңызды мүшелері болып табылады?
Ең алдымен, жалпы халықтың 20% әлеуметтік жағдайы төмен жандарға жатса, онда халықтың қалған пайызы аталмыш жандарға көмектесу керек. Екінші жағынан аталмыш қоғамның 20% өнімді болмаса, онда олар халықтың жалпы деңгейін түсіреді. Үшіншіден, егер кедейлік әр түрлі ұрпақтар мен құрылымдарға тән болса, ал бұл шын мәнінде де солай, онда оларға белгілі бір көмек көрсетумен қатар, кедейлік мәселесін қысқартуға көмектесетін бағдарламалар мен саясатты дайындау қажеттілігін көрсетсе керек.

3. Біз кедейлікті айыптау ұғымы бар екендігін біле тұра, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындармен жұмыс жасай аламыз ба?
Әр адам әлеуметтік жағдайына байланыссыз өзгелер тарапынан құрмет сезімін сезінуі қажет. Ал егер кембағал жандар қоғам тарапынан айыптау сезімін байқаса, онда бұл бағдарламаның құны көк тиын. Әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың ешқайсысы да намыстан, өз-өзіне деген құрмет сезімдерінен тек кедей болғандықтан ғана бас тарту қажет деп ойламайды. «БОТА» ҚҚ әлеуметтік жағдайы төмен жандарды тікелей қатыстыру және бағдарлама талаптарын орындату арқылы өз балаларына инвестиция жасауына мүмкіндік беретін жаңа жолды қалыптастыруға тырысып-бағуда. Сондықтан «БОТА» ҚҚ кембағал жандарға әлеуметтік көмек бағдарламасының шеңберінде берілетін көмекке сәйкес қолдау көрсетуге қарсы.

4. КАЖ бағдарламасына кімдер қызығушылық танытады?
0.1 Мемлекеттік шенеуліктер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру (мектепке дейінгі білім беру) департаменттерінің қызметкерлері.
0.2 Жүкті және бала емізіп жүрген аналарға, 4-жасқа дейінгі балаларға, 4-6 жас аралығындағы балаларға мектепке дейінгі білім беру орталықтары, 4-16 жас аралығындағы мүгедек балаларға арнап медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдар.
0.3 КЕҰ қызметкерлері мен басшылары.
0.4 Қоғамдағы белсенді жандар – БАҚ, еріктілер, мұғалімдер.
0.5 Жеке сектор – банктер, БАҚ
0.6 Әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке аса зәру жандар (жергілікті қауымдастықтар, отбасылар, үй шаруашылықтары, жүкті және бала емізіп жүрген әйелдер, 4 жасқа дейін дұрыс тамақтанбайтын балалар, мектепке дейінгі білім беру орталықтарын қажет ететін 4-6 жас аралығындағы балалар, 4-16 жас аралығындағы мүгедек балалар).
0.7 КАЖ бағдарламасының облыстық бөлімшелері.
0.8 «БОТА» ҚҚ

5. КАЖ бағдарламасының бенефициарлары кім?
0.1 «БОТА» ҚҚ КАЖ бағдарламасының бенефициарлары болып:
a) төменде көрсетілген үш санаттың біріне жататындар: қаназдық қаупі бар жүкті және бала емізіп жүрген аналар, мектепке дейінгі білім беру орталықтарын қажет ететін 4-6 жас аралығындағы балалар, 4-16 жас аралығындағы мүгедек балалар; және
b) қажеттілікті жанама бағалаудың көмегі арқылы кедейлік бойынша бағдарламаның критерийлеріне бенефициарлардың сәйкестілігін тіркеу құралы негізінде әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке аса зәру болып табылған жандар.
0.2 Қажеттілікті жанама бағалау (ҚЖБ) – елде қабылданған сұраным берушінің әлеуметтік жағдайын кедейліктің өзгермелі көрсеткіштері арқылы объективті, стандарты анықтау. ҚЖБ сұраным берушінің әлеуметтік жағдайын анықтайтын жалпы балды көрсетеді. Жоғары балл алған тұлға (бұл әлеуметтік жағдайы жақсы дегенді білдіреді) КАЖ бағдраламасы бойынша жәрдемақы алуға құқы жоқ.
«БОТА» ҚҚ КАЖ бағдарламасының мақсаты – балаларының адамдық капиталына инвестиция жасау үшін қосымша ресурстар қажет ететін көмекке зәру және әлеуметтік жағдайы төмен санатқа жататын бенефициарларды қамту.

6. КАЖ бағдарламасының облыстық бөлімшесінің көрінісі қандай?
0.1 КАЖ бағдарламасының облыстық бөлімшесі менеджерден, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер мен балалықты қорғау, сонымен қатар, іс-қағаздар, басқарушы ақпараттық жүйе (БАЖ) және мектепке дейінгі білім беру орталықтарын құру үшін жергілікті қауымдастықтарды құру мәселелері бойынша мамандардан тұрады. Олар «БОТА» ҚҚ КАЖ бағдарламаларын жүзеге асыратын атқарушы агенттік болып табылады.
0.2 Барлық қызметкерлер құрамы - мамандар да, менеджерлер де бағдарлама қатысушыларды тіркеуден бастап, бенефициарлардың талаптарды орындауы мен қызметтерге баруына мониторинг жасауға дейін облыстық компьютерлік БАЖ-ді ай сайын тұрақты түрде жаңартып отыруға жауапты.
0.3 Сонымен қатар, тіркеу, қамту, оқыту және мониторинг жасауға көмектесу үшін волонтерлерді тарту сынды бағдарламалық қамтамсыз ету бойынша қосымша мәселелерді шешуде КАЖ бағдарламасының департаменті жауапты. КАЖ департаменті БАҚ-нан бастап, облыстық жұмыс тобына дейін және «БОТА» қоры мен КАЖ бағдарламасының алматылық кеңсесі сынды қызығушылық танытқан жақтарды байланыстыру жұмысына да жауапты.
0.4 Саяси ойлар, жергілікті қауымдастықтардың мәселесі және т.б. осы сынды мәселелерді КАЖ бағдарламасының облыстық мамандарының өздері немесе облыстық жұмыс тобымен бірлесе отырып шешуі керек.
0.5 Облыстық КАЖ бағдарламасы қызметкерлерінің басты мақсаты - бенефициарларды бағдарламаға қатысу үшін тіркеу, олардың бағдарлама талаптарын орындауын және өз ақшалай төлемдерін алуын қамтамасыз ету екендігін ұмытпаңыздар.
0.6 Қазіргі уақытта «БОТА» ҚҚ сіздің облыста КАЖ талаптарына жауап беретін қанша адам бар екенін нақты айта алмайды. Сондықтан Сіздің басты міндеттеріңіз әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке аса зәру жандарды облыс аумағынан іздеп тауып, тіркеу болса, екінші жағынан жергілікті орындардағы қауымдастықтармен жақсы қарым-қатынас орнату болып табылады.

7. Облыста КАЖ бағдарламасын жүзеге асыру үшін КАЖ бағдарламасының облыстық қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып, не жасай алады?
0.1 Облыстық КАЖ бағдарламасында қызметкерлер құрамы, телефондар, компьютер, кеңсе мен кездесулерді өткізетін жер және көлік бар. Оның үстіне КАЖ бағдарламасының облыстық бөлімшесі еріктілермен достық қарым-қатынас орната алады.
0.2 Еріктілерді Әйелдер кеңесінен, Коммерциялық емес ұйымдардан және Қызыл жарты ай ұйымдарынан қатыстыра алады. КАЖ облыстық бөлімшесі еріктілерді ұйымдастыра және дұрыс бөле білу керек.
0.3 Еріктілер өз қауымдастықтары мен қоршаған ортасын жақсы біледі. Еріктілер бенефициарларды тіркеу, қамту және олардың талаптарды орындауына мониторинг жасауға, оқытуға және қолдау топтарына жұмылдыруға, ақпаратты ауызша таратуға көмектесе алады. КАЖ еріктілерді қызметкерлер құрамына алмаса да, оларға сый-сыяпат жасап, оқыту өткізіп, кездесулер және осы сынды шаралар арқылы жақсы қарым-қатынас сақтауға тырысуы қажет.
0.4 Бағдарламаға қатысу үшін тіркеу жұмысына ерітілерді жұмылдыру. КАЖ бағдарламасы аймақтағы тіркеу жұмысын бастар кезінде еріктілерді адамдарды хабарландыруға және алыс аумақтарды қамтуға көмек беру жұмыстарына тарту керек. Сонымен қатар, еріктілер сұраным берушілерге барлық қажет мәселелерді орындауға көмектесе әрі оларды орындауға ынталандыра алады.
0.5 Мектепке дейінгі білім беру орталықтарын құру үшін еріктілерді тарту. Егер жергілікті қауыдастық мектепке дейінгі білім беру орталығын құру туралы шешім қабылдаса, онда еріктілер ата-аналар, мұғалімдерді, белсенді тұлғалар мен қызығушылық танытқан жандарды қатыстыра отырып, ол үшін қажет ғимарат, тәрбиешілер, тамақтану мәселелері, төлем сынды талаптарды ақылдасуға көмектесе алады.
0.6 Бенефициарларды оқыту мен қолдау үшін еріктілерді тарту. Еріктілер қаназдық, өсуге мониторинг жасау бағдарламалары (ӨМБ) және үй жағдайында күтім көрсету (ҮжК) мәселелері бойынша топтарды қолдау үшін шақырыла алады. Оларға оқу материалдары, көмегі үшін өтемақы және мониторинг жасау жұмысы барысында көмек көрсетіле алады.
0.7 Бағдарлама шарттарын орындау мәселелеріне мониторинг жасау үшін еріктілерді тарту. Еріктілер КАЖ бағдарламасының облыстық бөлімшелеріне және бенефициарларға, олардың бағдарлама талаптарын орындауына және олар тап болған мәселелерді шешуге көмектесе алады.

8. Бенефициарлар бағдарламаға қалай қатыса алады және олар не жасауы керек?
Әлеуетті бенефициарлар бағдарламаға қатысу үшін сұранымдар тапсыруы тиіс және қажеттілікті жанама бағалау (ҚЖБ) арқылы олардың біз қызығушылық танытатын санаттарға жататындығын, не жатпайтындығын анықтаймыз.

Санаттар:
0.1 Жүкті келіншектер: бір айдан кейін олар қаназдық деңгейін анықтау үшін анализ тапсырулары қажет. Егер олар қаназдық дертіне шалдыққан болса, онда қолдау тобының жұмысына және оқытуға екі айда бір рет қатысып отыруы қажет.
0.2 4-6 жас аралығындағы балалар: олар мектепке дейінгі білім беру орталықтарына барып тұрулары қажет.
0.3 4-16 жас аралығындағы мүгедек балалар: аналары қолдау тобының жұмысына және ҮжК көрсетуге қатысты оқытуға қатысуы қажет.

Бенефициарларда ақшалай жәрдемақылар алып тұруы үшін банктік есеп пен СТН болуы қажет. Егер оларда СТН болмаса, онда оны алуы, не КАЖ қызметкерлерінің көмегіне жүгінулері қажет.

9. Жәрдемақылардың сомасы қандай?
Әйелдерге арналған ай сайынғы жәрдемақы 3900 тенге, ал қалғандарына – 2700 тенгені құрайды.

Бұл жәрдемақылар алушылардың банктік карточкасына түседі. Ақша аударымдарын алу үшін СТН және АТФ не өзге банкте шотының болуы қажет.

Алушылар сонымен қатар, КАЖ бағдарламасы тарапынан ұялы телефондар алады.

Шарттарды орындамайтын бенефициарлар мен алушыларға ақшалай жәрдемақы беру тоқтатылады.

10. Бенефициарлар КАЖ бағдарламасы туралы қалай білсе болады?
0.1 Қыркүйек және қазан айларынан бастап ТД, радио арқылы жаңалықтардан естиді
0.2 КАЖ бағдарламасымен жұмыс жасайтын волонтерлерден естиді
0.3 Ауызша түрде қауымдастық көшбасшыларынан естиді
0.4 Волонтерлер арқылы ауылдарды қамту.

11. КАЖ бағдарламасына бенефициарларды қатыстыруға тіркеу қалай жүзеге асады?
0.1 КАЖ бағдарламасына жоспар дайындау қажет. Компьютеры бар 4 маман орындарға барып, сұранымдарды қабылдайды, қажеттілікті жанама бағалауды өткізіп, қатысушыларды тіркейді.
0.2 Әр сұраным беруші сұраным бергеннен кейін және егер олар бағдарламаның «критерийлеріне бенефициарлардың сәйкестілігін тіркеу» құралы бойынша бағдарлама критерияларына сәйкес болса, онда оларға бенефициармен келісім жасалып, бір данасын алғандығы жөнінде қол қойып, қолхатты КАЖ қызметкерлерінде қалдырады. Сұранымға сонымен қатар, СТН-ды қоса тіркеген дұрыс. Егер сұраным берушіде банктік шот болмаса, онда оның сұранымы шот ашылғанша дейін тоқтатылады. Ақшалай жәрдемақыларды банктік карточканы алғаннан кейін ғана алады.
0.3 Сұраным беруші мәліметтерді өздері береді. Егер КАЖ бағдарламасы тексеру барысында берілген мәліметтердің жалған екендігін анықтаса, онда ол сұраным беруші КАЖ бағдарламасынан бірден шығарылады.
0.4 Барлық қажет ақпаратты бере алмайтын сұраным беруші, қажет мәліметтерді дайындап болған соң, сұранымды кез келген уақытта бере алады.
0.5 Екі адамнан тұратын екі топтың әр апта сайын бір ауданға баруын ұсынамын. Бұл бірнеше ауылмен аудандық орталықтарды аралауға мүмкіндік береді. Волонтерлер КАЖ бағдарламасының тобына сұраным берушілермен кездесіп, әдебиет таратуға мүмкіндік беретін жерді ұйымдастыруға көмектессе жақсы болар еді. Жаңа сұраным берушілерді тарту жұмысы КАЖ бағдарламасы туралы ақпараттың таралу деңгейіне тура байланысты.
0.6 Әр аудан мен мекендерді аралау уақытынан бірқатар уақыт өткеннен кейін ол жерге екінші, керек болса үшінші рет қайта атбасын тіреуді ұсынамын. Тіпті, араға екі ай салып та барса болады. Ол үшін облыстардағы жұмыс жоспарын қараңыз.

12. КАЖ қатысушыларды тіркеу, БАЖ-ні немесе Мониторинг және бағалау бойынша компьютерлік мәліметтерді не қылады?
0.1 Белгілі бір жерде сұранымдарды басқарушы ақпарат жүйелер енгізілгенде, мәліметтер бірден Алматыдағы орталық базаға жіберілуі қажет. Бұл процесс бойынша басшылықты Мониторинг және бағалау Департаменті тарапынан Фарходпен және «Квазар» техникалық фирмасымен ұсынылады.
0.2 Мәліметтер бенефициарлардың тізімін дайындауға және әр санаттар (қаназдық, ҮжК, мектепке дейінгі білім беру, ӨМҚ бойынша медициналық мекемелер және банктік кестелер) үшін қызмет көрсету орындарын дайындау үшін қолданылады.
0.3 Әр айдың соңғы аптасы мониторинг бойынша есептерді аяқтауға/дайындауға арналады. Содан кейін бұл мәліметтерді Алматыға жіберіп, бақылау тізімі дайындалып, КАЖ бағдарламасының облыстық бөлімшесіне қайта жіберіледі. Кейіннен бұл тізімдер тіркеудің, бағдарлама талаптарын орындау мен тиісті мекемелерге баруына мониторинг жасау нәтижелерінің негізінде болашақ процесстерде толықтырылады.
0.4 КАЖ бағдарламасының облыстық бөлімшесіне осы тізімдерді қызмет көрсетушілерге жеткізу бойынша жоспар дайындау қажет. Егер бұл тізім қағаз жүзінде болса, онда оны қызмет көрсетушіге дейін жеткізу қымбат болып табылады. Егер тізімді факс немесе электронды пошта арқылы жіберу мүмкіндігі болмаса, онда SMS-хабар арқылы жіберуді қарастырып көрген дұрыс.

13. КАЖ бағдарламасы бенефициарларға мониторинг жасау үшін не жасайды?
0.1 Мониторинг қызметтің бірнеше түрін қамтиды. Бұл жерге аналар анализдерді тапсырады ма, жоқ па және оның нәтижесі қандай екендігін біліп тұру үшін медициналық мекемелермен байланыс орнату жатады. Егер оларда қаназдық анықталса, онда олар оқыту бағдарламаларына қатысуы қажет. Бұл 4 жасқа дейінгі балалар мәселесіне де қатысты. КАЖ бағдарламасының қызметкерлері бенефициарлардың қызмет көрсетушілермен байланысына және олардың бағдарлама талаптарын орындау үшін тиісті мекемелерге барып тұруына мониторинг жасауына жауапты. Егер бенефициардан қаназдық анықталса, не жеткілікті тамақтанса, онда бенефициарлардың оқыту топтарын және волонтерлер тарапынан көрсетілетін қолдауға барып жүргенін қадағалап отыру қажет.

0.2 КАЖ бағдарламасының қызметкерлері аналар мен 4 жасқа дейінгі балалардың медициналық мекемелерге барып тұруына мониторинг жасауды жүзеге асырады. Егер оларға «қаназдық» немесе «жаман тамақтану» деген диагноз қойылса, онда облыстық бөлімшеге оларды волонтерлер жұмыс жасайтын оқыту және қолдау тобымен байланыстырулары және олардың осы топтарға барып тұруын қадағалаулары қажет. Сонымен қатар 4-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі білім беру орталықтарына және мүгедек балалардың аналарының үй жағдайында көмек көрсетуге арналған оқу топтарына баруына мониторинг жасаулары қажет.

0.3 Егер бенефициарлар бағдарлама талаптарын орындамаса, ақшалай жәрдемақыларды беру тоқтатылады. Бағдарлама талаптарын қайта орындап жүрген бенефициарларды қадағалап, жәрдемақыларды беруді жалғастыру қажет. Бұның бәрі мониторинг бойынша есеп біткеннен кейін жасалып, мәліметтер Алматы қаласындағы орталық базаға жіберіледі.

14. КАЖ бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру орталықтарын құру үшін қауымдастықтарды қалай жұмылдыра алады?
0.1 4-6 жас аралығындағы балалар ақшалай жәрдемақыларды алуы үшін мектепке дейінгі білім беру орталықтарына барып тұруы тиіс. Мектепке дейінгі білім беру орталықтары көп жерлерде жоқ (мәселен, Қызылорда облысында мектепке дейінгі білім беру орталықтары жоқ 82 ауыл бар). КАЖ бағдарламасы жергілікті қауымдастықтарға мектепке дейінгі білім беру орталықтарын құруға көмектеседі. Бұл орталықтар КАЖ бағдарламасының бенефициарларына ғана емес, сонымен қатар, жергілікті қауымдастықтарда өмір сүретін кез келген балаларға қызмет көрсетеді.
0.2 Әр қауымдастық қызметтерге қатысу тәртібі мен ақысын анықтап, тәрбиешілерді, ғимаратты, тамақтарды және материалдарды қамтамасыз етеді. КАЖ бағдарламасы көмектің шағын бөлігін көрсете алады. Сонымен қатар, көмек үшін жергілікті басқару құрылымдарына да жүгінуге болады. Балалардың неғұрлым жәрдемақыларды тезірек алулары үшін жергілікті қауымдастықтардың мектепке дейінгі білім беру орталықтарын жылдамырақ ұйымдастырғаны жөн.
0.3 КАЖ бағдарламасы ауылдарға барып тұруы және көмек көрсетіп отыруы үшін мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша екі ассистенті бөлді. Оның үстіне қажет болған жағдайда КАЖ бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша оқыту үшін мамандырылған коммерциялық емес ұйымдардың қолдауын қамтамасыз етуі мүмкін.
0.4 Мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша ассистентер жылдамырақ жылжу үшін бағдарламаға тіркеу өткізілген аудандарда оларға мектепке дейінгі білім беру орталықтарында жұмыс жасауын ұсынамын.

15. Облыстық Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасы алматылық КАЖ бағдарламасымен қалай жұмыс жасайды?
0.1 Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасының алматылық кеңсесі әр облыстық КАЖ бөлімшелерімен қарым-қатынас орнататын бір-бір маманды бөлді (Ақмола облысы бойынша Раушан және Қызылорда облысы бойынша Мира). Облыстық қызметкерлер кез келген уақытта жауапты қызметкерлерге хабарласып, мазалаған мәселесімен және ұсынысымен бөлісе алады. Оның үстіне алматылық кеңседе КАЖ бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін облыстық кеңселерге көмек көрсетуге даяр директор мен ұлттық менеджер бар.
0.2 Облыстық бөлімше алматылық кеңсеге облыс бойынша мәліметтерді жіберуі арқылы КАЖ бағдарламасының жұмысына мониторинг жасай алады.
0.3 Алматылық кеңсе облыстық бөлімшенің жұмысына қатысушыларды тіркеу, тиісті мекемелерге барып тұруы, ақша айналысы және өзге де осы сынды мәліметтердің көмегі арқылы мониторинг жасайды.
0.4 Сұрақтар электрондық пошта, телефон және тікелей кездесу арқылы қойылады.
0.5 КАЖ бағдарламасының облыстық және алматылық бөлімшелері оқыту бағдарламалары үстінде бірлесе жұмыс жасап, облыстық жұмыс топтарының отырыстарында бас қосады.
0.6 КАЖ бағдарламасының облыстық және алматылық бөлімшелері БАҚ, баспа материалдары, байланыс бойынша зерттеулер, ұялы телефондар бойынша тексерулер, оқыту және т.б. қажет байланыстар бойынша бірлесе жұмыс жасайды.
Copyright © «BOTA», 2010. All rights reserved.