Фонд туралы  :  БОТА қамқоршылар кеңесінің мүшелері
Қазақстан өкілдері
Сергей Злотников
Золотников Cергей Михайлович Павлодар қаласында
1958 жылы 24 мамырда дүниеге келді


1975 жылы жалпы орта мектебін бітіріп, 1976 жылы Томсктегі политехникалық институттың автоматика және электромеханика факультетін, өндірістің құрылғыларды автоматтандыру мен электрлік қозғағыш мамандығы бойынша 1981 жылы бітіріп шықты.

1994 АҚШ-ң Минессотта штаты, Менеаполис қаласында орналасқан Заң университетінің адамдардың құқықтары мектебінде, 1996-1999 жылдар аралығында Жоғарғы «Әділет» құқық мектебінде оқып, қызыл дипломмен заң факультетін бітіріп шықты.

Жұмыс жолын Шымкент қаласында бастаған ол, ең алдымен, электромонтердің шәкірті, сосын электромонтер қызметтерін атқарды.

1981-1991 жылы аралығында Алматыдағы ауыр машина жасау зауытының бас конструктор бөлімі, электроқозғағыш бюросында инженер-конструктор қызметін атқарды.

1991-1993 жылдары Алматылық менеджерлерді дайындау мектебінің бас директорының орынбасары болды.

1989 жылдан 1991 жылға дейін Қазақстандық «Мемориал» Одақаралық ерікті тарихи-танымдық қоғамының төрағасының серіктесі болып тағайындалды.

1990 жылдан бастап республикалық басылымдарда белсенді түрде өз мақалаларын жариялап, «Вечерняя Алма-Ата» газетінің штаттан тыс тілшісі қызметін атқарып, 1992-1993 жылдары республикалық радиода өз бағдарламаларын жүргізді.

1993 жылы Қазақстандағы «Интерлигал» саяси-құқықтық зерттеу қорының атқарушы директоры, ал 1995 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін президенті болып табылады.

1999 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстандағы құқықтық реформа» ақпараттық-сараптамалық журналының бас редакторы.

1999 жылдан бері «Транспаренси Казахстан» қоғамдық қорының атқарушы директоры қызметін атқарып келеді.

2004 жылдан бастап «Жемқорлықсыз қоғамға» журналының бас редакторы.

Азаматтық қоғам дамыту, адам құқықтары, Қазақстан мен шетелдегі құқық пен жемқорлық қарсыластығы мәселелеріне қатысты мақалалардың авторы.

Экономикалық және жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің ғылыми-сараптық кеңесінің мүшесі.
ҚР ішкі істер Министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі.
Copyright © «BOTA», 2010. All rights reserved.