Фонд туралы  :  БОТА қорынан кім көмек ала алады?
«БОТА» қорынан көмек алуға ниет білдірген тұлғалар төменде келтірілген талаптарға жауап беруі тиіс:
Білім гранты бағдарламасы бойынша талаптар:

• Қазақстан азаматы болуы
• Сауалнаманы толық әрі нақты толтыруы және уақтылы өткізуі
• Қазақстанның ЖОО-на не колледждеріне бұрындары түспеген 11-сынып түлектері не 11-сынып оқушысы болуы
• Қазақстанның ЖОО-на алғашқы рет түскелі жатқан колледж түлегі не колледждің соңғы курс студенті болуы
• БОТА қорының қажеттіліктерді бағалау критерияларына сәйкес келуі
• Таңдаған ЖОО-на немесе колледжге тіркелуі
• БОТА қоры тарапынан берілетін қолдау барысында әр жыл сайын 20 күнді қоғамдық-әлеуметтік жұмыстарға бөлуі
• «БОТА» қоры тарапынан өткізілетін стипендиаттар арналған семинарларға қатысуы керек.

Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасы бойынша талаптар:

• Жүкті немесе бала емізіп жүрген ана, және/немесе төрттен алты жасқа дейінгі баласы бар ана, және/немесе төрттен он алты жасқа дейінгі еңбекке жарамсыз баласы бар ана болуы
• БОТА қорының қажеттіліктерді бағалау критерияларына сәйкес келуі
• Ақмола немесе Қызылорда облыстарында тұруы және
• Төменде көрсетілген үш бағдарламаның біріне қатысуға ниет білдіруі тиіс:
1. Қаназдықтың алдын алу бағдарламасына қатысуы
2. Сіздің облыстағы мектепке дейінгі мекемелерге балаңыздың баруына бағытталған бағдарламаларға қатысу
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды үй жағдайында күту мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған бағдарламаға қатысу.

Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы бойынша талаптар:

• Коммерциялық емес ұйым немесе кей жағдайларда арнайы орындарда «БОТА» қоры әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы үшін қажет қызмет түрлерін көрсететін жоғары емес деңгейдегі мемлекеттік ұйым болу
• Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы аясында жұмыс жасау (Қазақстандағы әлеуметтік қызметтер жүйесін жақсарту немесе жастар мен балаларға әлеуметтік қолдау көрсету қызметтерін қоса есептегенде)
• Ашықтық, тиімді жұмыс, қаржы жауапкершілігі тұрғысынан «БОТА» қоры стандарттарына сай болу және жақсы бағдарламалық басқару иесі болу
• Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасына қатысу үшін нақты әрі толық толтырылған ұсыным-сауалнаманы жіберу. Ұсынымдар тәуелсіз іріктеу комиссиясымен қаралып, «БОТА» қоры Қамқоршылар кеңесі тарапынан бекітіледі.
Copyright © «BOTA», 2010. All rights reserved.